“Біреу үшін біреу өлмейді. Ақтық сапарына шығарып салдық” - Жайдарманшы Мереке Қалбаева

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жайдарманшы қыздың туған Үсенхан атты нағашы ағасы өмірден озған.

"Нағашымды ақтық сапарына шығарып салдық. Өлімнен қорықсаң ештеңе тындыра алмайсың. 

Бәрібір өлетін болғандықтан,қуыққа түскен тас үшін өлгенше,бір ұлы іс үшін өлген артық. Артында жақсы аты қалған адам өлмейді. Жақсы адам еді, Аллам жанын Жәннәттық етсінші! 

Жолда ойланып келіп түйгенім: барлық нарсені жүрекке қабылдап,жүрекпен уайымдап,шыр-пыр болуды доғаруым керек екен! Бұл дүниеде барлығы Алланың қалауымен болады, әркім өз проблемасын өзі шешіп, өзі өмірін сүрсін! 



Ал менікі тек өз денсаулығымды құрту болған екен! 
Шындап келгенде біреу үшін біреу өлмейді… бәрі де өмір сүргісі келеді…Сен үшін, сен үшін, сен үшін деп айта береміз, ол үлкен қателік қой… Шын мәнінде Алла разылығы үшін!",- деп жазба қалдырды.