Ол мұндай қаржылай көмек халықаралық олимпиадан орын алатын мектеп оқушыларына да берілу қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол Ой-Лайық подкастына берген сұхбатында баяндады.
«Біреудің мұрнын бұзса, соған көлік береді. Оған жүз жылқыны да, түйені де, бәрін береді. Осындай жетістікке біздің балалар да жетіп жатыр ғой. Олимпиададан қаншама бала ұтып жатыр, жыл сайын барғанда. Соларға ең құрығанда біреуіне бір велосипед бермейді. Нағыз бай адам болса шығу керек қой? Спортсмендерге облыс та, одан кейін Үкімет те үйіп-төгіп береді. Соңында допинг болып шыға келеді», - деді ғалым.
Айта кетейік, елімізде халықаралық білім олимпиадасынан алтын жүлдегеріне 5,5 млн теңге, күміс иегеріне 3,6 млн теңге, қола қанжығалаған оқушыға 1,8 млн теңге сыйақы беріледі. Бұл спорт Олимпиадасының жеңімпазының сыйақысымен салыстырғанда едәуір төмен.