"Біреудің өмірінен хайп жасамадым": Мөлдір Мұқан кісі қолынан қаза тапқан қазақ қыздарына арнап ән шығарды

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Менің бұл жазбам - біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба?

Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны - ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды…

Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…", - деп жазды ол.