"Біреудің ұйып отырған отбасын бұзып, азаматын тартып алған": Журналист отбасылы еркектерге тиген қыз-келіншектер туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист қоғамда ондай әрекет үлгі алып қажет емес екенін кесіп айтты. Журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында, ол Бишімбаевтар ісін де талқылаған.

"Біз қазір қоғамда болып жатқан, резонансты оқиғаларды, мысалы Бишімбаевтың оқиғасы, арамызда жүрген азамат, азаматшалар өздерінің оқиғаларын айтып жатыр ғой? Соның нәтижесінде қоғамға соңғы уақытта тек ақша табатын болса, бай болса немесе оқырманы көп болатын болса, біз сол азаматтарды үлгі деп есептеп кеткенбіз.

Негізі, ондайды үлгі қылмауымыз керек. Мысалы, біреудің ұйып отырған отбасын бұзып, біреудің ер-азаматын тартып алып, сосын кейін үлгі болу - ол меніңше дұрыс емес. Ол осы әрекет қалыпты жағдай екен, бұл норма екен дегенге алып келетін, қоғамдағы жағдайға айналады", - деді ол.