Біреулер Париждің орталығында Chanel дүкенін тонап кетті

Француз полициясы бейсенбіде ертеңгілік уақытта Париждің орталық кварталдарының бірінде орналасқан Chanel дүкен үйін тонап кеткендерді іздеп жатыр, деп хабарлады жергілікті "Франс энфо" радиостанциясы.


Оның ақпаратына қарағанда, ертеңгілік сағат 5:30-да олар үлкен көлікпен дүкеннің кіре берісіндегі торды бұзып өткен, әйелдерге арналған көптеген сөмкені алып, көлікті өртеп, өздері мотоциклдермен қашып еткен.