"Жұмысқа келгенде, офис терезесінің сынғандығын байқадым. Кабинеттерді тексере бастағанда, жағымсыз бір иісті сездік, Виталий Вороновтың кабинетінен өлі қара мысық тауып алдық", деді сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне адвокаттың көмекшісі Андрей Штопель.
Офистің иесі қазір Ресейде іс-сапарда екен, бұл оқиға туралы естіп, қатты қапаланыпты.
Қазір офисте полиция қызметкерлері бар, деді А.Штопель.