"Бірге тұрайық деп ұсыныс айтты": Төлеутай Рақымбековтың қызы әкесін "тисті" деп айыптады (ВИДЕО)

Бұл туралы экс-президент кандидатының қызы Айбота Рақымбекоа Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Мен Айбота Рақымбекова, бұрынғы президентікке үміткер, "Ауыл" халықтық демократиялық патриоттар партиясы төрағасы Төлеутай Рақымбековтың қызымын. Менің анам, Салтанат Рақымбекова елге белгілі қоғам белсендісі, Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге танымал болатын. Анам өмірден өткеннен кейін Төлеутай Рақымбеков бірге тұрайық деп ұсыныс айта бастады. Біз оңаша қалған кезде маған тиісе бастады. Оған дәлел ретінде біздің сөйлекеніміздің скриншотын ұсынамын. Оның бірге тұрайық дегенінен бас тартып, тіпті Есіл аудандық сотына да арыздандым. 2021 жылдың шілде айында "Домогательства" бойынша арызданғанмын. Бірақ менің арызымды қабылдамады. Ал Төлеутайдың тиіскенін туыстарым біледі. Бірге тұрмайтыныма ашуланған ол мені анамның өліміне кінәлап, "психикалық денсаулық" есебінде тұрсам да, Хасанова Айгүл деген нотариуспен бірге алаяқтық жолмен менің мұрагерлік үлесімді тартып алды. Қазір ішімдегі балам 8 айлық, бірінші истанциядан соттан жеңіліп қалдым. Дәлел болғанына қарамастан жеңіліп қалдым. Өйткені, Төлеутай Рақымбеков жоғары сөт төрағасы Жақып Асановты танитын еді. Оның ұсыныстарын қабылдамағаннан кейін мен оның туған қызы емес екенімді айтты. Мен оны ешқашан білмегенмін, бірге тұрайық дегенін енді түсіндім. Құрметті қазақ елі, менің анамның туыстары және президент! Осының бәрін алдарыңызға ақтарып салғаным үшін кешірім сұраймын! Мен мәжбүр болдым. Өйткені өзім жетіп болып 8 айлық сәбиге аяғым ауыр. Мен далада қалдым, үйім жоқ, күйім жоқ сондықтан сіздерден көмек сұраймын", - деді Төлеутай Рақымбековтың қызы Айбота Рақымбекова

Осыған байланысты Caravan.kz  медиа порталының тілшісі Төлеутай Рақымековтың пікірін біліп көрді.

"Барлығын фейсбук желісіндегі парақшамда жазып қойдым. Соттан кейін сөйлесетін боламыз. Материалдарды жинап жатырмын, сотқа беріп жатырмын. Оның айтқанының бәрі өтірік", - деп сөзін қысқа қайырды Рақымбеков.

Loading...