Бүгін Астанадағы консулдық қызмет департаменті алдына сол ұсталған азаматтардың туыстары жиналды. Орал қаласынан келген Бердәлі Өтешов қызы мен күйеу баласының 5 жылдан бері Дубайда тұратынын айтады. Олар автокөлік майлары мен қосалқы бөлшектерді сатумен айналысқан. Біріккен Араб Әмірлігінің қаруланған құқық қорғаушылары Өтешовтің күйеу баласымен бірге сол түні екі жұмаға қонаққа барған ұлын да тұтқынға алыпты. Қазақстан азаматтарының ұсталғанына 1 аптаға жуықтаса да консулдық қызмет департаментінің әлі күнге еш ақпар ала алмай, бей-жай отырғанына наразы. Өйткені қонаққа кеткен ұлымен бірге 3 немерем де далада қалып отыр дейді Бердәлі Өтешов.
Бердәлі Өтешов, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны:
- Ең кіші немерем, 7 айлық оның суреті менің баламының паспортына жабыстырылған. Енді келін зар жылап отыр, 3 бала кішкентай, өздері кезек-кезек ауырады. Ал қызымның 4 баласы бар, есеп-шоттарын жауып тастаған. Олардың күнкөріс жағдайы да қиын болып тұр.