Біріккен комиссия 2003-жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне 2,7 миллиард теңге қосты

Ол бюджеттің кіріс бөлігі үкімет енгізген заң жобасындағы ұсыныстан 6 миллиард теңгеге артық бекітілгенін жеткізді. Сонымен бірге, Татьяна Мужчильдің айтуынша, бірікен комиссия "ішкі қор есебінен", дәлірек айтсақ , "мемлекеттік берешекті өтеуге арналған қаржыны үнемдеу арқылы" бюджеттің кіріс бөлігіне қосымша 2 миллиард 745 миллион теңге қосқан.

Аталған қаржы бюджеттің шығыс бөлігіне ұсынылған 78 түзетудің арасынан басымдық берілген 22 бағдарламаға арналатын болады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республикалық бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар алғашқы оқылымда мынадай көрсеткіштермен қабылданған болатын: бюджеттің кіріс бөлігі бұрын ұсынылғандай 704,3 млрд. емес 710,2 млрд. теңге , шығыс бөлігі бұған дейін жобаланған 787 млрд. теңгенің орнына 793 млрд.теңге , ал бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге көлемінде бекітілген .
Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 19,4 миллиард теңге зейнетақы бағдарламасын жүзеге асыруға, ал 45,7 миллиард теңге даму институттарын құруға жұмсалады.
Қазір парламент палаталарының бірлескен отырысы одан әрі жалғасуда. Халық қалаулылары заң жобасын әрбір тармақ бойынша жеке-жеке саралауға кірісті.