Бірінші класпен ұшудан және көліктерді жалға алудан бас тартады

"Басқарушылар кеңесінің мүшелері көтерген мәселе іссапар шығындарын азайту мәселесі болды. Біз миссиямен шығатын адамдардың санын қысқартпақпыз, яғни, қандай да бір болмасын функциялар қайталанбауға тиіс. Біз енді бірінші класпен жүрмеуді, бірінші класпен ұшпауды шештік.Бұл ұсақ нәрселер, бірақ мен бұл мақсатқа жету үшін арнайы көлік жалдамай, таксимен жүргенімізді жөн деп санадым", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

"Өкінішке орай, Германия АДБ бойынша биылғы жылдың бюджетіне қолдау көрсетпеді. Демек, өз қаржымызды үнемдеуге үлкен мән беруге тиіспіз. Келесі жылдары басқарушылар кеңесі біздің бюджетті қолдайтын болар деп үміттенеміз, өйткені көптеген ұлттық үкіметтер бюджет жағынан шектелуден зардап шегіп отыр", деді Такехико Накао.


АДБ басқарушыларының 47-ші жыл сайынғы отырысы осы күндері Астанада өтуде.