«Бірінші күні-ақ жыртылып қалды»: Тағы бір қазақ спортшысы спорттық киімнің сапасы сын көтермейтінін жайып салды


Қазақстандық киберспортшы Әнуар Халықбергенов аяқ киімінің жарыстың екінші күні-ақ жартылып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтуынша спорттық үлгіде тігілген форманың кей түрлері бірінші күні-ақ жыртылып қалған.

«Көбі менен форма жайлы сұрап жатыр, шынымен сапасы сын көтермей ме деп. Иә, расымен солай. Тек үстімдегі поло ғана аман қалды. Қалғанының бәрі бірінші күні-ақ жыртылып, жиырылып, сөгітіліп қалды. Ал берген шортылары мен киетін көлемнен 10 есе үлкен шығар, оны да кие алмадым», - деп жазды ол.