Бірінші лигада «Ақжайық» үшінші орынға көтерілді

Алматыда «Цесна» командасымен күш сынасқан Оралдың «Ақжайығы» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы турдан кейін оралдықтар 34 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Бірінші лигада Қаскелеңнің «Сұңқары» мен Көкшетаудың «Оқжетпесі» бұрынғысынша көш бастап келеді.

«Ақжайық» алдағы ойынын Алматыда 24 тамызда ЦСКА командасымен өткізеді.