Бірінші Сангтуда су электр станциясының екінші агрегаты пайдалануға берілді

"Сангтуда-1 су электр станциясы" ААҚ бас директоры Рахметулла Альжановтың айтуынша, екінші агрегат алғашқы тогын жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 1.50-де бере бастаған.

Ал ертең, 1 шілдеде, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкиннің қатысуымен екінші агрегаттың ресми іске қосылу рәсімі өтеді.