Бірінші сынып оқушыларының мектепке келу уақыты өзгермейтін болды

"Қазіргі уақытта ата-аналар арасында сауалнама жүргізілуде, барлық тараптардың пікірі ескерілетін болады. Бір анығы - мектептердегі оқу уақытын шегеру бірінші сыныпқа қатысты болмайды", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бұның алдында қала басшылығы 14 қыркүйектен бастап Астанадағы 17 мектептің оқушылары үшін сабақ таңғы 7:40-та басталады деп мәлім еткен болатын.

Алайда кейін Астана қаласының прокуратурасы бұл шешімді заңсыз деп тапты.