"Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың 6 айында $4 289,2 млн. құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 60,5 пайызға артық", - деп атап көрсетті департамент. Кеден қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың І жартыжылдығындағы сыртқы сауда айналымы $2 671,9 млн болған.
Атап айтқанда, экспорт 82,5% ұлғайып, $1990,6 млн құраса (2007 жылы - $1090,5 млн), импорт 45,3% ұлғайып, $2298,6 млн (2007 жылы - $1581,4 млн) тең болған.