Бірлескен шұғыл тергеу тобы Алматыдағы жарылысқа қатысты жорамалдарды жаппай қарастыруда - ҚР ҰҚК

"Бұл қандай жағдайда да қолданылатын тәжірибе",- деді баспасөз қызметіндегілер. ҚР ҰҚК алдын-ала ақпараттан өзге мәлімет бере алмайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-қараша, жексенбіде кешкі 18 сағат 40 минутта "Отан" партиясының Алматы қалалық филиалының ғимаратында екі жарылыс болды.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметі бойынша, жарылғыш заттар ғимараттың оңтүстік жағындағы телефон желісінің қалқанында және ғимараттың бірінші қабатының терезесі алдында орнатылған екен.
Жарылыстар салдарынан сол жерден өтіп бара жатқан кездейсоқ жүргінші, 1984-жылы туған Ж.Станбеков басы мен аяғына жарықшақ тиіп, жеңіл жарақат алды.
Ғимарат конструкциялары бүлінген жоқ.