Бірнеше адамды ажал құштыра жаздаған шенеунік жазадан оңай құтылды


Естеріңізге салсақ, ішімдіктен біраз сілтеген Абзал Бірәлиев жол шетінде кетіп бала жатқан әйелді екі қызымен қоса қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Осы әрекеті үшін енді тек 5 жылға куәлінен айырылады. Ауыр халде аурухана төсегіне таңылған 43 жастағы Күнзада Шағатаева мен оның 9 және 20 жастағы қыздары экс-шенеунікке ешқандай талабымыз жоқ депті. Дегенмен Бірәлиев «Нұр Отан» партиясы қатарынан қуылып, қызметінен де кетті.