Бірқатар аумақтық ішкі істер департаментінің бастықтары өздерінің қол астындағылардың жолдағы іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылады - ҚР ІІМ

"Бейсенбіде қол қойылған бұйрыққа сәйкес, бірқатар Аумақтық ішкі істер департаментінің бастықтары өздерінің қол астындағылардың жолдағы іс-әрекеті үшін жауапқа тартылады",- деді Өмірзақ Түсімов. Ол Ішкі істер министрлігінде бейсенбіде вице-министр Алик Шпекбаевтың төрағалығымен "полицейлердің көліктегі тәртіптері мәселесіне қатысты" селекторлық кеңестің өткендігін түсіндіріп өтті. "Бұл кеңесте қатаң сұрау болды. Шындығына келсек, біз бүгінде полицейлердің жолдардағы тәртіп жағдайымен мақтана алмаймыз",- деді Өмірзақ Түсімов.

"Біздің қызметкерлер өздеріне барлығы рұқсат етілгендей сезінгендігінің салдарынан жол-көлік оқиғаларының жиі болатындығы да кездесіп жатыр (ішкі істер органдары қызметкерлерінің кінәсінен - агенттік ескертп.). Бұл сенімділік жол полициясының қызметкерлері оларды тоқтатпайды және де ешқандай шара қолданбайды дегенге негізделген сенімділік",- деп қосты ол. "Ол үшін бізде Ішкі істер министрлігінің жүйесінде өзіндік қауіпсіздік қызметі, жеке құрам жөніндегі инспекция бар, оған қоса жол полициясы осындай деректерді анықтап, кінәлілерді анықтауға қатысты жұмыстар жүргізіп жатыр",- деп нақтылады комитет төрағасы.

Сонымен қатар, Өмірзақ Түсімов жол полициясының қызметкерлеріне егер өзінің "визиткасын" жол-көлік қозғалысын бұзушылар "вездеход" ретінде" пайдаланбақ болған жағдайда, олардан алып алуға нұсқау берді. "Мен өзімнің барлық визиткаларымды алуға нұсқау бердім, себебі кейбіреулер менің визитная карточкамды беруім "бәр жерде кедергісіз жүруге" негіз болып табылады деп ойлайды, бірақ ол ешқандай артықшылық бермейді",- деді ол. Комитет төрағасы "мұндай жұмыс Алматыда ғана емес, Астанада да жүргізіліп жатқандығын", атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті