Бірқатар елдердегі АҚШ елшіліктері антиамерикалық акция мүмкіндігін ескертті


деп Ассошиэйтед пресс (АП) агенттігі мәлімдеді.
Елшілік атап көрсеткендей, бұған сенаттың барлау жөніндегі комитетінің Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) ұсталғандардан жауап алу әдістері туралы қорытынды мен тұжырымдардың жария етілген нұсқасы себеп болуы мүмкін.
Бұл антиамерикалық қарсылық пен американдық мүддеге, сондай-ақ жеке АҚШ азаматына қатысты күш қолдану әрекеттерін тудыруы мүмкін.
АҚШ азаматтарына сақ болып, адам көп жүретін жерлерден, шерулер өтіп жатқан жерлерден алшақ болу қажеттігі ескертілді.
Ауғанстан мен Таиланд тұтқындардан құпия түрде жауап алынған екі ел болды.
Бұрын хабарланғандай, АҚШ сенатының барлау комитеті ЦРУ тұтқындарға қатысты жауап алуда зорлық-зомбылық пен адам төзгісіз тәсілдер қолданғаны мәлім етілген баяндаманы жариялаған болатын.