Бірқатар елдердегі Қазақстан елшілері тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.