«Сіздерді маңызды дипломатиялық миссияның басталуымен құттықтаймын. Астана Қазақстанда болып жатқан ауқымды өзгерістердің нышаны болып табылады (...).
Елорданың атмосферасы сіздердің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы жұмыстарыңызды жемісті болуына ықпал етеді деп сенемін», - деді Н.Назарбаев кездесуде.
Елбасына сенім грамоталарын Жапония елшісі Масаеши Камохара, Пәкістан елшісі Шаукат Әли Мукадам, Оман сұлтандығы елшісі Саид бен Мохаммед бен Әли әл-Барами, Нидерланд елшісі Хенри Хуберт Дриссер, Ауғанстан елшісі Мұхаммад Фарук Бараки табыс етті.