Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды. Жұмыс барысында олқылықтардың болғанын да мойындауымыз керек. Індет көп таралып, экономикалық мәселелер қатты ушығып кеткені рас, - деді Мемлекет басшысы.
Соған орай, дер кезінде шұғыл шаралар қабылданды.
Көптеген мәселе қоғам өкілдерінің белсене қатысуы арқылы шешілді. Бұл "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды. Коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болды. Тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін, - деді Президент.