Атап айтқанда, заң жобасымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы», «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңдарды Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына сәйкес келтіруге бағытталады.
«Ұсынылған өзгерістер аталған конституциялық заңдарды қолдануда құқықтық қайшылықтар мен олқылықтардың орын алмауын қамтамасыз етеді. Заң жобасы қолдау тапса азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан тиімді қорғау қамтамасыз етіледі», - дейді Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков.
Оның айтуынша, заң жобасы заңдылық, демократиялық және билікті бөлу қағидатына нұқсан келтірмейді.