Бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісім-шарттарында салық тұрақтылығы режимін сақтап қалу үшін халықаралық сотқа жүгінуді көздеп отыр - Кәрбозов

"Айта кетер бір жайт, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде үкіметтің №328 қаулысынан кейін кедендік бақылау комитетіне жер қойнауын пайдаланушылардан 80 арыз келіп түсті. Олардың барлығы да келісім-шартта тұрақты салық режимін енгізуді талап етіп отыр. Егер олардың қалағанындай шешім қабылданбаса, олар сот органдарына және халықаралық сотқа жүгіну құқықтары бар екенін ескертіп отыр", - деді Қ. Кәрбозов.