"Біртүрлі екен": Сара Тоқтамысованың қызына таңдаған есімі сөз болды

Ақын жаңалығымен желіде бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Есілқызы Сүйкімді! Үйіне келе жатыр!

Сөзі сүйкімді болсын,Ісі сүйкімді болсын деп ырымдап қойдық!

Аллам өміріңді сүйкімді қылсын ,ғұмырлы бол құлыным", - деген ол.

Және ақын есімді бас имамдармен ақылдасып таңдағанын жеткізді.

Желі қолданушылары құттықтауларымен қоса, таңданыстарын жасырмай түрлі пікірлер жазуда.