Біртұтас Экономикалық кеңістік аясында бірінші кезекте көлік, энергетика және азық-түлік одағын құру қажет - Елбасы

Алайда, Елбасының пайымдауынша, "ең бастысы біртұтас темір жол тарифтерін қалыптастыру қажет". "Ресейліктер біртұтас тариф енгізуден шығынға ұшыраймыз деп мәлімдеуде, алайда, жүк тасымалы көлемінің үш есе артуынан Ресейдің ұтатыны одан да орасан болмақ",- деді Елбасы.

"Ендігі жерде жан-жаққа бытыраудан гөрі, Еуропа сияқты өзара интеграциялану дұрыс",- дейді Н.Назарбаев. "Біз өз елдеріміздің жақындығынан стратегиялық тұрғыда ұтамыз",- деді ол.