"Бұл ассамблея Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыру және оның жұмыс істеуіне қажетті заң жобаларын жасар еді",- деді Н.Әбіқаев. Ол сонымен қатар Украина президентіне "Біртұтас Экономикалық кеңістік аясында парламентаралық ынтымақтастықты жолға қою мүмкін болмаған жағдайдың өзінде екі ел парламенттері арасында ықпалдастық орнатуға мүмкіндік бар" деген пайымын жеткізді.