Оның айтуынша, бұл жерде әңгіме 29 құжат туралы болып отыр. "Тараптар оларды алдағы жылы бірінші кезекте келісуге тиіс. Бұл Біртұтас Экономикалық кеңістік құру тұжырымдамасының идеясын жүзеге асыруға жасалған нақты қадам болмақ". В.Спасскийдің айтуынша, бұл "Біртұтас Экономикалық кеңістікке біріккен төрт елдің бизнес саласына септігін тигізетін экономикалық келісімдердің топтамасы болмақ". Бұл құжаттар "бизнеске бірдей экономикалық жағдйда жұмыс істеуге мүмкіндік береді",- деді В.Спасский.
Аталмыш құжаттар топтамасы қабылданған жағдайда "біз әлемдік экономикаға да белсенді түрде кіріге аламыз, өзара ықпалдастықты үйлестіруге, бірлесіп сауда-саттық жасауға мүмкіндік жасалады. Нәтижесінде бәсекелестік қабілетке де қол жеткіземіз",- деді В.Спасский. "Бұл жерде төрттік шеңберіндегі бәсекелестік қабілет туралы ғана айтылып отырған жоқ. Мәселе үшінші елдерге шығу мүмкіндігінде".
В.Спасскийдің айтуынша, Біртұтас Экономикалық кеңістік аясындағы құқықтық-нормативтік құжаттар топтамасы қазіргі жағдаймен 85 құжаттан құралып отыр. Олар биылғы жылдың аяғына дейін әзірленіп бітуі тиіс. "Кешелі бері келісімдер жобасы бойынша жұмыс істеген сарапшылық жұмыс топтары құжаттарды дайындау жұмыстары кесте аясында пәрменді жүргізілуде, жыл соңына дейін барлық құжаттар дайын болады деген сенімде",- деді ол.