В.Христенокның айтуынша, келесі отырысқа дейін жоғары дәрежелі топтың мүшелері әрбір сенбі сайын бас қосатын болады. "Біз келіссөздер барысында туындаған кейбір келіспеушіліктерді еңсеру үшін осындай жұмыс бабындағы кездесулрді ұйымдастыратын боламыз",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топ ұйымға мүше мемлекеттер президенттерінің 2005-жылғы 1-шілдеде өтетін саммитінің қарауына ұсынылатын кезек күттірмейтін құжаттардың топтамасын дайындайды.
Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина президенттері 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялта қаласында қол қойып, 2004-жылдың 20-мамырында күшіне енді.