В.Христенконың айтуынша, Біртұтас экономикалық кеңістіктің тұжырымдамасына сәйкес, тауар қозғалысы үшін ортақ кеңістік қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ, капитал, қызмет және жұмыс күші үшін де біртұтас кеңістік қалыптастыру көзделген.
"Бүгінде бұл кеңістікте сан алуан тосқауылдар саны азаймай отыр, бұл ретте әрбір мемлекет шама-шарқынша әккілік танытып, түрлі тосқауылдарды заңды негізде енгізу арқылы отандық бизнесті қорғап бағуда",- деді ол.
"Біз әлеуетімізді өзара біріктіріп, тауар, қызмет және инвестициялар саласында экономикалық айналым нормаларын үйлестіруге, нақты экономикалық одақ құруға тиіспіз. Біртұтас экономикалық кеңістік үшінші бір мемлекеттермен сауда-саттықта төрт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, бәсекелестік қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді",- деді В.Христенко.