В.Путиннің пікірінше, "бүгін бұған дейінгі жұмыстарды қорыта келіп, жыл соңында барлығымызға қажетті жаңаша келісімдерге ден қою үшін жұмысқа тың серпін беру қажет. Бұл баршамызға тиімді әрі пайдалы дүниелер дегенге ешкім де күмән келтірмейді".
"Республика парламенттері тиісті құжаттарды бекітті. Баршамыздың пайымдауымызша, бұл - Ресей, Беларусь, Украина және Қазақстанның өзара интеграциялану жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ",- деді РФ президенті.
В.Путиннің айтуынша, "бүгінгі келіссөздер алдын-ала жұмыс қорытындысын шығаруға арналғандықтан, онда нақты қандайбір нәтижеге қол жетпейді. Бірақ дегенмен, бұл - Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру барысындағы айрықша маңызды қорытынды болмақ".