Дайындалған құжаттар өзара келісіп-ұйғарылған мәселелерді шешуде мейлінше биязы көзқарас ұстануға мүмкіндік береді,- деді В.Путин. Бұл келісімдер барлық мемлекеттердің ұлттық мүддесіне толыққанды сәйкеседі.
"Төрттік" жетекшілері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі келісімге қол қоюға әзірлік танытты.
ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хабарлауынша, "вице-премьерлер басқарған жоғары дәрежелі топ әр ел астаналарында ай сайын бас қосу нәтижесінде қауырт әрі ауқымды жұмыс атқарып шықты. Соның нәтижесінде барлық құжат дайын болып, президенттердің мәлімдемелері, Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі келісім жобасы мен оның тұғырнамасы қол қоюға әзір болды". "Бұл құжатарға қол қоюға кедергі боларлықтай ешбір себеп жоқ",- деді ҚР Елбасы.