Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы салымдар 4,7 трлн теңгеден асты


Қор баспасөз қызметінің хабарлауынша, салымшылардың жеке есеп-шоттарының саны 9  млн 986 мың 467 жеткен.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында түскен инвестициялық табыс 58,25  млрд теңгені құрады.
Жылдың бастапқы үш айында  42,43 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленген. Оның 3.49 млрд теңгесі сақтандыру ұйымдарына аударылды.
БЖЗҚ аймақтық филиалдар желісі 240 қызмет көрсету кеңсесінен құралған.