- Біржан біз сенің жеңілігеніңе әлі сенбей тұрмыз...
- Сіздерді қойып, мен өзіме-өзім сенбей тұрмын. Қалай ұтылып қалғанымды білмеймін. Елден, барлық жанкүйерлерімнен жеңіліп қалғаным үшін кешірім сұраймын. Үміттеріңізді ақтай алмағыным үшін кешіріңіздер.
- Қарсыласың өзіңе жақсы таныс болды. Қай жерден қателікке бой алдырдым деп ойлайсың?
- Үлкен қателіктерге жол бердім. Енді не айтсам да кеш. Өйтуім керек еді, бүйтуім кереу еді деп ақталғым келмейді.
- Ендігі жоспарың жайында айта аласыз ба?
- Жоқ, әзірге ештеңе айта алмаймын.
- Үшінші Олимпиаңда сөзсіз медаль алам деген жоспар болды ғой...
- Әрине, ешкім жүлдесіз қайтам деп ойламайды ғой. Сол сияқты мен де медальдан үміттендім. Бірақ... Бәрін өздеріңіз көрдіңіздер.
- Өзге әріптестеріңізге не айтасыз?
- Менің жолымды бермесін. Олар қателікке бой алдырмай, жеңіс тұғырына жетуге тілектеспін.
- Әңгімеңізге рахмет!