Біржынысты некеге тұрған Люксембург премьері Астанаға келді

Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельдің бұл Ақордаға алғаш бас сұғуы. Назарбаев пен Беттель экономикалық байланыс, виза алу тәртібін жеңілдету, Люксембург пен Астана арасында әуе қатынасын ашу секілді мәселелерді талқылады. Оның үстіне 500 мың ғана жетер жетпес халқы бар, Еуропалық Одақтағы ең кішкентай монархиялық мемлекеттен Қазақстанның үйренері көп. Айта кетсек, Астанаға алғаш ат басын бұрған Беттель мырза жақында ғана күйеуге шығып, біржынысты некесінің құрметіне дүркіретіп той жасаған болатын. Бұдан бөлек Елбасы Еуропалық Одақтың белді мүшесі Литваның Премьер-Министрі Альгирдас Буткявичюспен жүздесіп екі жақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беру жайын сөз етті. 

Loading...