"Бишімбаев ерте босап шыға алады": Белгілі журналист Бишімбаев ісіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы.

"Бишімбаев ерте босап шыға алады

ҚР ҚК-нің 72-бабына сәйкес аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адам мерзімінің үштен екісі өтелгеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы.

Бишімбаев 2023 ж. 9 қараша тұтқындалды. Сот "бір күн үшін бір күн" есебіне сүйеніп отыр. 2023 ж. 9 қарашадан 2024 жылғы 13 наурызға дейін Бишімбаев – 187 күн қамауда болды.

ҚР ҚК-нің 72-бабын ескере отырып, жақсы мінез – құлық көрсетсе ол “УДО” бойынша шығу туралы өтініш жазып, 8 жыл бұрын, яғни, 2039 жылы босап шығуы мүмкін. Жасы 59-да болады", - деп жазды ол.