"Бишімбаев изоляторда төбелес шығарған": ҚАЖК жауап берді

Оқиғаға қатысты ҚАЖК өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын. 

Еске салайық, Бишімбаев пен Байжанов ісі апелляциялық сотқа 11 маусымда түсті. 

Бұған дейін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Алайда апелляциялық сатыда да Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды.