Бишімбаев неге өмір бойына сотталған жоқ?

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевқа қатысты шыққан сот үкімі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аймағанованың айтуынша, Бишімбаевқа ең ауыр жаза тағайындалған.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің санкциясына сәйкес біз ең көп дегенде 20 жыл, ал 110-бап бойынша 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрадық. Бұл максималды жаза. Бүгін сот та дәл осындай жаза тағайындады", - деді Айжан Аймағанова.

Бақытжан Байжановқа да тағылған айып бойынша максималды 6 жылға бас бостандығынан шектеу қарастырылған. Кейбір жағдайларды ескере отырып, 4 жылға айыруды сұраған.

Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті тек 2040 жылы бере алады.

Үйлестіруші -судья Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қашан бере алатынын айтты. Бұл туралы сот үкімі жарияланғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.

"Аса ауыр қылмысы үшін сотталған Бишімбаев өтінішхатты (шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы - ред. ескертпесі) жазаның 2/3 бөлігі өтелгеннен кейін, бұл 2039-2040 жылдары бере алады", - деді үйлестіруші-судья Алма Есімова.