«Мемлекет басшысы Үкімет және Ұлттық банк кабылдаған дағдарысқа қарсы жоспар аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар инфляцияны есептеу кезінде ескерілетін бірінші қажетті тауарлардың макарон өнімдері, жармалар, жемістер, ет-сүт өнімдері, жұмыртқа және тұз сынды 33 түрі бар. Ресми статистика мәліметтері бойынша жыл басынан бастап тұтыну бағасының индексі 5,4, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5,2 пайызға өсті. 2016 жылғы 30 тамыздағы жағдай бойынша жыл басына әлеуметтік маңызы бар тауарлар баға индексі 9 пайызды құрады», - деді Қ.Бишімбаев.
Осы ретте ол Ұлттық экономика министрлігі нарық теңгеріміне талдау жүргізіп, оның нәтижесінде ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының өсуіне әсер тигізетін бірқатар себептерді анықтағанын айтты.
«Дүниежүзілік нарықта баға конъюнктурасының өзгеруі және ұлттық валютаның әлсіреуі импорттық жеткізілімге тәуелді тауарларға әсерін тигізді. Олар бойынша отандық тауарлармен тұтынудың қамтамасыз етілуі 60 пайызға кеміді. Ірімшік 16,7, сүзбе, тауық еті және саны, сұлы жармасы, құмшекер 56,4 пайызды құрады», - деді ол.
Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, табиғи монополия қызметтеріне тарифтердің және 2015 жылғы қыркүйекте жаңар-жағармай бағасының 15,6 пайызға өсуі де азық-түлік бағасының шарықтауына ықпал еткен.
«2015 жылғы 1 тоқсанда тарифтердің, оның ішінде электр қуатына 7,9 пайызға өсуі азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне әсерін тигізді», - деді Қ.Бишімбаев.