Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысының үкімі шықты

Төрағалық етуші судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жоғарғы соттағылардың түсіндіруінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 68-тарауына сәйкес, апелляциялық тәртіпте алқабилер алқасының қатысуымен шығарылған үкім тек процестік бұзушылықтар бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Алайда апелляциялық сатыда іс бойынша мұндай негіздер анықталмаған. Алқа алқабилер алқасын, сұрақтар тізімін құру кезінде, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге әкеп соққан қылмыстық-процестік заңнамасын елеулі заңбұзушылықтар анықтаған жоқ.

Апелляциялық сатының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды.

Осылайша сот актісі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, 11 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түскен еді.