Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жаңа кино түсіріп жатқаны туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Фильм түсіру идеясы азаматтық некедегі әйелін қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісінен кейін келген. Баян Мақсатқызы осыған дейін "Бақыт" фильмін түсірген болатын.
Баян Мақсатқызының сөзінше, фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін.
"Фильмнің аты – “Жалғыздық” деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни, осы тақырыпта үш фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз.
Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.