Жарыссөз барысында жәбірленуші тараптың қорғаушылары дәлел келтіре отырып, ойларын жеткізді. Қорытынды сөзін адвокат Игорь Вранчев оқыды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бишімбаевқа қатысты сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев әділ шешім болмаса, мұндай елді қалудың еш себебі жоқ екені туралы ойын ашық айтты.
«Бір ғана дұрыс шешім қабылдап, Бишімбаевты кінәлі деп тану арқылы сіз елді элитарлық және тоталитарлық паразиттерден тазартасыз. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты, бірақ ілгерілеу жоқ. Қоғамның осы бір паразиттік қабатын түрмеге отырғызу арқылы оның бостандыққа шыға ма, жоқ па деп күтіп отырған басқа Бишімбаевтардың бәріне үлкен сабақ бересіз. Ал егер ол ақталып шықса, онда біз осындай адамдардың бәріне тағы бір мүмкіндік береміз», - деді Вранчев.