Сонымен қатар бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.
Іс бойынша 27 наурызда сағат 16:00-ден басталатын басты сот отырысы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында онлайн көрсетіледі.Сот барысын кез келген адам бақылай алады.
Жоғарғы Соттың коммуникациялар бөлімінің басшысы Перизат Сәдуақастың айтуынша, мұндай шешім осы іске қоғамның қызығушылығының артуына байланысты қабылданған. Бұл Қазақстан тарихындағы тікелей эфирде барлығы бақылай алатын алғашқы сот процесі.