Бишімбаевтың анасы келінінің өліміне арақ кінәлі дейді

Нүкенованың өліміне үстел, унитаз, еденнен басқа тағы бір кінәлі нәрсе табылды. Альмира Нұрлыбекова келіні алкоголь ішпегенде, Салтанаттың қаза болмайтынына сенімді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Салтанаттың сол күні мас болып тұрғанына ешкім дұрыс мән бермеді. Егер сол күні ол көп ішпегенде, осы оқиға болмайтын еді. Біз оның қисалаңдап, аяғын әрең басқанын көрдік. Мұның бәрі бейнежазбаларда бар. Мен өзім химикпін. Сондықтан сараптамаға сәйкес, зәрдегі 1,8 промилле алкогольдің аз көрсеткіш дегенге келіспеймін. Бұл көп көрсеткіш, адам мас деген сөз, алайда, сарапшылар оны елемеді. Алкогольдің мөлшері өлімнің сағат 19.00-де болғанын дәлелдейді. Демек Қуандықтың кісі өлтіру ниеті болмаған. Адам ағзасының алкогольге төзімсіздігі ескерілмеді. Гепатоз және панкреатит сияқты аурулары бар адам үшін алкогольдің шамалы дозасы да әсер етеді», - деді ол. 

Альмира Нұрлыбекова Бишімбаев адам өлтіру емес, әйелге қол көтергені үшін, агрессия танытып, төзімі таусылғаны үшін, өз-өзін қолға ұстаудан қалғаны және жеңілтектігі үшін жазасын алғанын қалайды.