Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды

Астана қаласының Полиция департаменті «Гастро-орталық» директорының екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді. 
 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy

«BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», - делінген ПД хабарламасында.  

Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодекснің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.

«Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген хабарламада.