Тоқмақ қаласына жақын "Ақ-Тілек" өткізу бекетінде шамамен 400 жүк көлігі кезекте тұр. Шекара қызметінің есебінше, қазақстандық шекарашылар сағатына сегіз көліктен өткізіп жатыр.
Талас облысындағы "Чоң-Капка" өткізу бекетінде 60-қа тарта жеңіл көлік, жолаушылар және жүк көліктері жиналған. "Чалдыбар" және "Тоқмақ" бекеттерінде іркіліс байқалмайды.
Қырғызстандағы сайлау алдында және одан кейін елдің президенті Алмазбек Атамбаев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, бірнеше мәлімдеме жасаған. Мұндай наразылыққа Назарбаевтың Қырғызстандағы сайлау алдында президентікке кандидаттардың бірімен кездескені себеп болған. Бұдан соң Астана қазақ-қырғыз шекарасынан өту тәртібін қатайтып, қырғызстандық әскериді тұтқындап, ал Бішкек Талас су қоймасының суын жіберетінін ескерткен.
Қырғызстандық тауар тасымалдаушылары шекарадағы тәртіптің қатаңдатылуы салдарынан туындаған бөгелістен тауарлары шекарада тұрып қалып, шығын тартып жатқандарын мәлімдеген.