Бұл туралы әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлайды, деп жазады 24.kz.
«Ұшақ бортында тек экипаж мүшелері болған, олардың нақты санын әзірге айта алмаймыз», - деп хабарлады агенттік өкілі. Әзірге қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Қырғыз ТЖМ мәліметтері бойынша әуе кемесі саяжай ауылына құлаған. «Ұшақ құлағаннан кейін ауыл аймағындағы екі үй өртенді. Қазіргі уақытта өртті сөндіру шаралары жүріп жатыр», деп хабарлады министрлікте.