Бішкек мэрі болып бүгін оңшыл коалициядан ұсынылған жалғыз кандидат сайланды

«Бішкек мэрі болуға кандидат Қ.Құлматовты 41 депутат қолдады», деп мэриядағылар мәлімдеді.

Барлығы 45 бюллетень басып шығарылды. Дауыс беруге 43 депутат қатысты. Екі бюллетень жарамсыз деп танылды.

Қ.Құлматовтың кандидатурасын Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы, Атамекен, Замандаш партияларының фракциясы кіретін коалиция ұсынды.

2011-13 жылдары ол мемлекеттік кеден комитетінің басшысы болды, содан кейін Шу облысы үкіметінің уәкілетті өкілі болды. 2014 жылы қаңтар айында Бішкек мэрі қызметіне ұсынылды.