«Бішкек-Екатеринбург» бағытына қатынайтын пойыздың жолсеріктері құрықталды

Бұл туралы жұма күні еліміздің ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.

«Петропавл шекара жасағы «Мамлютка» (теміржол) шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлері Бішкек-Екатеринбург бағытына қатынайтын №3 пойызды тексеру барысында 1500 келіге жуық халық тұтыну тауарларын тауып алды. Контрабандалық тауар вагонның ішкі қаптамасы мен желдеткіштің шахтасына жасырылған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Контрабандалық тауарларды тасымалдағаны үшін вагон жолсеріктері тұтқындалды. Олардың екеуі де Қырғызстан азаматы.