Бішкек-Новокузнецк бағытына қатынайтын пойыздың жолсеріктерінен контрабандалық күміс бұйымдар тәркіленді


ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, контрабандалық бұйымдар «Мерке темір жол» бекетінде Қырғызстанның қос азаматшасынан табылған. Олар Бішкектен Новокузнецкке қатынайтын пойыздың жолсеріктері болып шықты.
Қазір аталған факті бойынша жан-жақты тексеру жүріп жатыр.